Письма   
ӘУЕЗОВТЕР ӘУЛЕТІ Әуезовтің Ернары

«Эрнарик родной мой, самый-самый любимый!
Мама рассказала, что ты получаешь паспорт.
Я поздравляю тебя с твоей наступающей юностью,
значит, теперь ты перешел с детства,
вернее, с отрочества в юность.
Это самая хорошая, счастливая пора.
Цени ее, чтобы она у тебя была красивой,
разумной, радостной для тебя и для нас,
родных твоих. Носи паспорт достойным
твоей фамилии, твоего имени».
М.Әуезовтің Е.Әуезовке жазған хаты.
5 февраль 1960. Мәскеу.

ЛӘЙЛӘ МҰХТАРҚЫЗЫ ӘУЕЗОВА «Алтын мүйіс»

«Жетісу» фонтанынан басталатын қазіргі Мұқан Төлебаев көшесіндегі Әуезовтер үйі Алматының «алтын мүйісінде» орналасқан. Верный қаласы кезінде «Сергиополь», кеңестік уақытта «Фонтанная», Мұхтар Омарханұлы тұрған уақыттарда «Абай» деп аталған қаланың бұл көшесіне 1961 жылы кеңестік Қазақ Республикасының әнұраны авторларының бірі, көрнекті композитордың есімі берілді.