Основное меню
Алматыдағы кітапханаға қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Салтанатты жиынға оқырмандар, зиялы қауым өкілдері мен жазушының туыстары қатысты. Мәдени шара аясында драматургтың ел мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ Әлкей Марғұланның бұрын жарық көрмеген «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» еңбегі таныстырылды. Кітапхана қорында 60 мыңға жуық кітап бар. Мұнда салалық басылымдар, қазақ және әлем әдебиеттері ұсынылған. Шараға қатысушылар кітапханаға қазақ әдебиеті классигінің есімін беру – оның рухани мұрасына деген құрметтің айғағы екенін атап өтті.