Өмірі мен шығармашылық жолы туралы жалпы мәліметтер   

Әлем таныған Әуезов.

 

Жақанов Ілияс. Әнді сүйген Мұхаңдай сүйсе игі

 

Мұхтар Әуезов: Ұлттық болмыстың ұлы жыршысы. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығына арналған коллоквиум, Париж, 1997, 4 маусым

 

Ахметов З. Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті 

 

Сүлейменов О.О. Мұхтар Әуезов туралы сөз (90 жылдық Мүшелтой салтанатында жасалған баяндама). 

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 - 1961: өмірі мен шығармашылық жолы)

 

Ашылмай жатқан Андабек

 

Ғалым Ахмедов Ескі Достар (Әңгімелер мен естеліктер)

 

Ғаббас Қабышұлы. Аруақты ардақтайтын қазақ едік...

«Егемен Қазақстан» газетінің кезекті санында Қайрат Әбілдиновтің «Ярыш" – қазақ футболының қарлығашы» - атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада Қазақ топырағындағы тұңғыш ресми футбол командасы 1913 жылы Семей қаласында құрылып, ол «Ярыш» («Жарыс») деп атал¬ғаны туралы айтылады. Оның құра¬мында жартылай қорғаушы болып заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған. Алғашқы кездесуін Жаңа Семей командасымен өткізген «Ярыш» құрамасының сол кезде түскен фотосуреті де сақталған екен. Оның құрамында барлығы 24 ойыншы болыпты: Ғабдрауф Сайфутдинов, Мидхат Мірсалімов, Молдабаев және Салах Хисматуллин, Жаббар Мұхамедшин, Әмір¬жан Ситдықов, Мұха¬ме¬дулла Құрманов, Ғабделнәсір Миршанов, Сабыржан Ахмедшин, Ғабделбар Сайфутдинов, Ғабделғазез Кәрімов, Омар Насибуллин, Бекметов, Ахметсәлім Кәрімов, Қасымжан Мұхаммедов, Ғабделхақ Ғаб¬басов, Мұхтар Әуезов, Зиятдин Рысбаев, Кәрім Бикмаев, Ғұсман Ям¬бушев, Юнус Нигматуллин, Мұ¬хам¬мед Сайдашев, Рифкат Фаи-зов, Ғабделбар Ғұсманов.

Әбілдинов, Қайрат. "Ярыш" –қазақ футболының қарлығашы / Қ. Әбілдинов // Егемен Қазақстан.- 2017.- 27 наурыз (№ 58).- 10 б.