Өмірі мен шығармашылық қызметі   
М.О.Әуезовтің өмірі мен қызметінің атаулы күндері
М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
1897 жыл, 28 қыркүйек-Семей облысы Шыңғыс ауданының Қасқабұлақ ауылында дүниеге келді.
1908 жыл-Медреседе, Семей қ-ғы орыс мектебінің даярлық курстарында оқыды.
1909-1914-Семей қалалық  бесжылдық училищесінде оқыды.
1915-1919 -Семей қ-ғы мұғалімдер семинариясында оқыды.
1917-әдеби-театр дебюті, «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылымы.
1918, 5-13 мамыр-Қазақ жастарының Омбыда өткен жалпы құрылтайында атқарушы комитеттің мүшелігіне сайланды.
Ж.Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарды.
1919-1920 - Семей  губревкомы төрағасының орынбасары, содан кейін төрағасы.
1920, қараша-1921, мамыр-Семей ОАК қазақ бөлімшесін басқарды.
1921-Семей облревкомының қызметкері, қараша айынан саяси хатшы-Қаз АССР ОАК президумының мүшесі.
1922 – Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің студенті. «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қорғансыздың күні» әңгімесі жарияланды.
1923-1928-Ленинград мемлекетттік университеті филология факультетінің студенті «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз» пьесалары, «Қилы заман» повесі, «Қазақ әдебиетінің тарихы» ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді.
1924-1925 - Семей, содан кейін педагогикалық техникумдарда сабақ беріп, «Таң» журналын шығарды.
1927 - «Қараш-қараш оқиғасы» повесі.
1928-Орта Азия мемлекеттік университетінің аспиранты.
1927-1928-Абайдың жазба мұрасын баспаға дайындау және жариялау.
1929-«Көксерек» повесі.
1930, 17 қыркүйек - Кеңес өкіметіне қарсы астыртын күресті ұйымдастыруға  және оны құлату мақсатында қарулы көтеріліс дайындауға, «Алқа» ұлттық буржуазиялық ұйымға қатысқаны үшін айып тағылып, тұтқындалды.
1932, сәуір -үкім. Шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру.
1934-1961 - Қазақтың мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеттегі оқытушылық қызметі.
1942- «Абай» романының бірінші кітабы.
1945- «Қобыланды» пьесасы.
1946-Қаз ССР Ғылым академиясына сайлануы.
1946- «Абай» туралы екінші кітабы.
1949-«Абай» романы үшін 1 дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді.
1950- «Абай» романының үшінші кітабы.
1951-1954- Қудалаудың екінші толқыны, «буржуазиялық ұлтшылдық» айыбын көпшілік алдында тағу.
1953-1954 - МГУ филология факультеті КСРО халықтар әдебиеті кафедрасының профессоры.
1954-Алматыға оралуы. «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтау.
1955-1960 - Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне сайлануы, мәдениет қайраткерлері делегациясының құрамында шетелдерге сапарға шығуы (Үндістан, Чехословакия, Жапония, ГДР, АҚШ және т.б.).
1956- «Түркістан солай туған» очерктер жинағы.
1959-«Абай жолы» эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді.
1960-«Өскен өркен» романын жазуға кірісті.
1961, 27 маусым-операция кезінде жүрегі тоқтады.
1961, 1 шілде-Алматыда жерленді.