Жаңалықтар

Жаңалық мұрағаты   
18.11.2015
 

   2014 жылғы 21-25 тамыз аралығында Хиросимада өткен (Жапония) Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінде халықаралық төрешілер, Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісі бойынша түсірілген қазақстандық картинаға ерекше назар аударды.  
   Мультфильм 2D форматында түсірілген, анимацияны дайындау барысында 3 мыңнан астам сурет салынды. Анимациялық фильмде оқиға 20 ғасырдың басында болады. Ата-анасынан ерте айырылған бала туысқан ағасының үйіне көшіп барады, үлкендердің қарсылығына қарамастан, үйге қасқырдың баласын асырап алады. Бірақ айналадағылардың үздіксіз қудалауының кесірінен, бала бөріні бостандыққа жібереді, ал өзі үйден кетіп қалады. Біршама уақыт өткеннен кейін, бала туысқан ағасын аяп, үйіне қайтып оралады. Өзі асыраған бөрі қасқырлар үйірінің бастаушысы болады.
   Хиросимадағы Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінің негізін, бүкіл әлемде бейбітшілікке арналған мультфильмдерді қарайтын, 1985 жылы Халықаралық анимациялық кино қауымдастығы (ASIFA) қалаған. Олардың ойынша, Хиросима, атом бомбасын басынан кеше отырып, өнер адамзатты бірлік туралы ойға шабыттандыруы тиіс болып табылатын орын.  Бұл Ансидегі (Франция), Оттавадағы (Канада) және Загребтегі (Хорватия) фестивальдермен қатар, ең маңызды анимациялық форумдардың бірі. Фестиваль әр екі жыл сайын, қала орталығында Бейбітшілік мемориалды саябағының қасындағы мультиплексте өтеді және бес күнге созылады.

 


«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар