Жаңалықтар

Жаңалық мұрағаты   
29.10.2014
"Абай" операсы Париж төрінде шырқалды
 

   2014 жылғы 29 қазанда Қазақстанның Франциядағы мәдениет маусымы аясында Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Әуезов сынды үш ұлы тұлғаның туындысы, 70 жылдық тарихы бар «Абай» операсымен Париждің өнерсүйер қауымын тәнті етті.

   Француздар Абай өмірін бұған дейін тек шығармалардан оқып білсе, бұл жолы тұңғыш рет оның сахнадағы бейнесімен танысты. Талғампаз француз аудиториясы тұңғыш рет Еуропа сахнасында қазақ тілінде қойылған бұл операны ерекше ыстық ықыласпен қабылдады. 1900 орындық Елисей алаңының театры көрерменге лық толды. Қойылымға келгендердің арасында аса құрметті қонақтар да болды. 15 жылдан бері Голландияда тұратын  Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа Әуезова да қойылымды арнайы отбасымен келіп тамашалады. Операның басты кейіпкері - Абайды  сомдаған Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік опера және балет театрының әртісі Болат Жомартов Абайдың жан дүниесін, философиясын француз жұртшылығына барынша таныстыру үшін жан аямады.
   Бұл опера бұрынғылардан ерекше болды.  Костюмдер қайта тігіліп, декорация түгел жаңартылды. Музыкасы мен оқиға желісі де біршама өзгертілді. Бір мезгілде сахнада 150 әртіс өнер көрсетті. Оның дирижері - танымал музыкант Алан Бөрібаев болды.


«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар